Бет күтімінің тиімді жолдары
|
Қыздар сұлу болу үшін не істемейді десеңізші?! Бет терісі, дене, шаш күтіміне қанша крем, тоник, лосьон алып, қыруар ақша жұмсайды. Әрине, аруларымыздың сұлулығы оған тұрарлық. Алайда, мұндай қымбат опа-далапқа қаражатты құрта бермей, қолда бар заттармен-ақ сұлулықты сақтауға болады.
Төмендегі табиғи заттарды қолданып та сұлулықты сақтауға болады.
Мұз. Кәдімгі мұздың бірнеше текшесін жұқа орамалға орап, бетіңіз бен мойыныңызды сүртіп шығыңыз. Осылайша қан айналымыңызды жақсарып, теріңіздің қартаюының алдын алуға жақсы көмектеседі. Мұны күнде кешке жатар алдында жасаған жөн. Мұз қатыратын құралға түймедақ не басқа шөптің қайнатпасын қолдансаңыз, тіпті жақсы.
Шай. Шай құрамында полифенолда жасарту эффектісіне ие заттар бар. Шай терінің түсін жақсартып, шымырлығын қайтарады. Шай әзірлеп, суыған кезде оны жұмыртқаның ақуызымен араластырыңыз. Осы масканы бетіңізге жағып, 10 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз.
Тұз. Майда тұзды аяқ табанын жұмсартуға қолданса болады. Ыдысқа су толтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспаға аяғыңызды батырыңыз. Жібіген аяғыңыздың табандарын бірнеше минут тұзбен ысқылаңыз. Аяғыңызды таза сумен жуып, орамалмен сүрткен жөн. Бұдан кейін аяққа крем жақсаңыз, әсерін тез байқауға болады.
Ашытқы. Ашытқы В тобының дәрумендеріне бай. Ал олар безеулердің пайда болуын алдын алады. 2 шай қасық ашытқыны жылы сүтке ерітіп, сұйықтықты бетіңізге жағыңыз. Масканың кебуін күтіп, кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Қасық. Бұл тізімге қасықтың қатысы қанша деп ойлауыңыз мүмкін. Қасық ұйқысыз түннің әсерінен пайда болған дақтар мен ісікті кетіре алады екен. Алдын ала мұздатқышқа қойылған қасықты көзге бірнеше минутқа қойсаңыз, беттегі ісік басылады.