Балаңызға мультфильмнің өзін абайлап көрсетпесеңіз болмайды
Балаңызға мультфильмнің өзін абайлап көрсетпесеңіз болмайды
8 жыл бұрын 7269 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда, дәлірегі, елдің шығысында орналасқан Сучжоу қаласында бүлдіршін ұл бала мультфильмнен көргенін қайталап, 10-шы қабаттан қолшатырмен секіріп кеткен. Оңдағанда, бала ток сымына соғылып, аман қалды. Яғни, айтарлықтай ақырын құлауына себеп болды. Бұл жайында NetEase ақпарат көзі хабар таратты. Десе де балаға емханада ота жасалды. Ота жасалғанымен алған жарақаты кейін де денсаулығына кері әсерін тигізіп, жарымжан болып қалуы әбден мүмкін. Осыған ұқсас жағдай 2017 жылдың наурыз айында да Үрімші қаласында қайталанды. Үйде жалғыз қалған 5 жастағы қыз бала 11-ші қабаттан қолшатырмен секірген. Ол да мультфильмнен көргенін қайталаған. Ол да төртінші қабаттың ернеуіне құлап, аман қалған екен. Алайда, ауыр жарақат алған. 2016 жылдың наурыз айында Шаньси провинциясында 10 жастағы қыз оталатын арамен 5 жастағы сіңлісін жарақаттады. Ол да мультфильмнен көргенін қайталаған. Ал 2013 жылы жеткіншек екі досын талға байлап тастап, өртеп жібермек болған екен. Ол да «Ешкі мен қасқыр» мультфильміндегі көргенін қайталаған. Нәтижесінде жергілікті сот мультфильм авторын, Гуандун провинциясындағы кинокомпанияны балаларды емдеу шығынын өтеуге міндеттеді. 

0 пікір
Мұрағат