Азаншыларды институтта оқытып, дайындайды (фото)
Азаншыларды институтта оқытып, дайындайды (фото)
7 жыл бұрын 2987 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Азан шақырудың сапасын көтеру мақсатында қолға алынған жоба бойынша тунистік азаншылар ендігі жерде Мұхаммед әр-Рашид атындағы музыкалық жоғарғы оқу орнында білім алады. Аталмыш елдің дін істері жөніндегі министрі Ахмет Әзімнің азаншыларға қойылатын талаптың жоғары болатынын жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осынау мұсылман елі азаншыларымен, қариларымен аты шыққан ел. Осыған байланысты министрлік мұны келер ұрпаққа да мұра етіп қалдырудың қамына кірісіп отыр. «Бізде қандай да бір тунистік ерекшелікке ұмтылу жоқ, біз тек тунистіктердің тунистік қарилар мен азаншыларды ғана естігенін қалаймыз»,- дей келе Тунис барлық мақамды жатсынбайтынын да жария етті. Әз-Зәйтүн университеті жанындағы дінтану институтының директоры әл-Шәди Шороның Al Arabiya ақпарат көзінде жарияланған мәлімдемесінде айтылғандай, бұл бастаманың мақсаты ұлттық қолтаңбаның сақтауға, әрбір сөздің тунистік стилге сай дұрыс айтылу дағдысын қалыптастыруға саяды. Аталмыш жоба алғашқы кезеңде ел аумағындағы аса ірі мешіттерде жүзеге асырылмақшы.

Мұхаммед әр-Рашид атындағы музыкалық жоғарғы оқу орны

 

0 пікір
Мұрағат