Азан шақырылған мұнарадан «жын ұлыды" (видео)
|
Тимати жетекшілік ететін Black Star лейбласынан рэпер, Ферғана тумасы MC Doni «Жын» деп аталатын композицияға Бұхара қаласының тарихи бөлігінде клип түсірді. Дәлірегі, көне шаһардың көркін келтірген, бүгінде ескерткішке айналған, кезінде азан шақырылған мұнарадан ән шырқады. Нақтырақ айтқанда, орта ғасырға тиесілі сәулет өнері – Калиан мұнарасынан. Аталған клипте MC Doni ертегіде айтылатын сиқырлы шам құмырасындағы жынның бейнесін сомдайды: «Олар мені жын деп атайды» деп қайталаумен болады. Клип Бұхараның таяуда ғана жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген тарихи бөлігінде түсірілуінің себебі де бар: туристерді тартпақ. Клип осы мақсатта түсірілгенін де айта кету керек. Дінді ертегі санап, тек жын-шайтанмен байланыстырып ұғатын әншінің бұл әрекетіне айтарға сөзіміз жоқ.