Авангардтық мешіт айқай-шудың ортасында қалды (фото)
|
Иран астанасында бой көтерген осы заманғы стилдегі мұсылмандардың құлшылық үйі жаңашылдыққа үрке қарайтын консервативті қоғамның наразылығын тудырып, оның арты талас-тартысқа ұласты. "Секуляризмнің зиянды әсері" деп бағалаған консерваторлардың сынына ұшыраған мешіт сәулетшісі Уәли-е-Аср дәстүрлі күмбезден бас тартып, осы заманғы дизайнмен алмастырған. Жаңа мешіт көрші ғимараттармен үйлесім тауып, қаланың ажарын аша түскен. Толқынды көз алдыңа әкелетін мешіт сәулеті, тіпті, шаһардың іскерлік бет-бейнесімен да жарасым тапқан. Қала театрының іргесінен орын тепкен мешітте кітапхана, дәріс өткізетін бөлме бар. Бұл мешітті тұрғызу үшін сәулетшілердің бірі Реза Данешмир қала билігін көндіру үшін қанша уақытын сарп етті десеңші. Ол ол ма, парламент комитетінің алдында да аталмыш жобаны өткізу үшін сөз сөйлеуіне тура келген болатын. Алайда, қала билігі рұқсат бергенімен шаһар тұрғындарының көңілінен шыққан жоқ. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарында, дәлірегі, Mashregh ақпарат агенттігі бұл жобаны иудейлердің баспанасына ұқсатып, қала билігін опасыздыққа барды деп айыптады. Осынша дау-дамайға айналған мешіттің ресми ашылу салтанаты алдыңғы айда өтеді. Бұл талас-тартыстан нені аңғаруға болады? Ғасырлар бойы қалыптасқан Иран халқының салт-дәстүрі Иран қоғамының аяғына тұсау болып, кешегі өркен жайған күндерін, дәлірегі, бай тарихын әлі күнге малданып, өткенмен өмір сүретінін, бүгінгі күннің талаптарымен санаспайтындығын, сөйтсе де бәрібір уақыт көлденең тартқан талаптармен санасуға қауқарсыз екенін байқаймыз.