Ауғандар қасиетті айды өткізудегі ерекшелігі неде? (фото)
Ауғандар қасиетті айды өткізудегі ерекшелігі неде? (фото)
8 жыл бұрын 7546 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айта кету керек, Ауғанстан халқының 98%-ы мұсылман. Сол себепті, ауғандар үшін Рамазан айының жөн-жосығы мен қадір-қасиеті бөлек. Қасиетті ай қарсаңында ауғандардың дені азық-түліктерін қамдап алады. Ал Рамазан айының алғашқы күні ауғандар үшін мемлекеттік мереке әрі бұл күні демалады. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Көптеген мұсылман елдері секілді бұл елде де ораза айында күндіз дүкендер мен сауда орындары жабылады. Ал телеарналар шариғатқа талаптарынан шыға бермейтін бағдарламаларды эфирден бермеуге тырысады. Ауғандардың өзі де бұқаралық ақпарат құралдарынан да, басқа арналардан да ән-күй тыңдап отыруға, көңіл көтеруге аса құлықты бола қоймайды. Ал әйелдер жағына келсек, қасиетті айда көбіне үйден шықпайды, аса мәжбүр жағдай болмаса. Бұл - бір. Екіншіден, қызылды-жасылды киінбей барынша жұпыны киінеді. Былайша айтқанда, көзге көп түспеуге тырысады. Ең бастысы, Ауғанстанда қасиетті ораза айында ешкім қоғамдық орындарда ас-су ішпейді. Бұны әдепсіздікке қайшы әдет деп қабылдайды. Ауғандардың ең сүйіп жейтін тағамы - кәдімгі палау. Ауызашарда, сондай-ақ, құрма мен ауғандардың желиаби деп аталатын тәттісі дастарханнан табылады. Ауғандар бұл қасиетті айда кем дегенде бір рет болсан, өз қалтасынан мешітте ауызашар беруге тырысады. Сауапті іс үшін алдын ала қаражат жинап қоятындары бар. 

0 пікір
Мұрағат