Атеизмді насихаттауға тыйым салынады
Атеизмді насихаттауға тыйым салынады
10 жыл бұрын 2778

Түркия соты елдегі атеистік (құдайды жоққа шығарушы) қауымдастықтың веб-сайтын діни құндылықтарға тіл тигізетін материалдар жариялағаны үшін жауып тастады. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Анкара соты өткен жылы Ыстамбұл шаһарында негізі қаланған Ateizm Dernegi («Атеистік қоғам») ұйымының веб-сайты қоғамдық-құқықтық тәртіпке зиянын тигізетін істермен айналысады деп қаулы қабылдаған. Ал атеистер қауымдастығы өз кезегінде соттың бұл шешімін «заңсыз әрі демократияға қайшы» деп отыр. Атеистік көзқарасымен аты шыққан түрік пианисі  2013 жылы әлеуметтік желіде діни құндылықтарға тіл тигізгені үшін 10 айға абақтыға жабылған болатын. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Түркия билігі француздардың Charlie Hebdo сатиралық басылымының мұқабасында жарық көрген Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын ғаламторда жариялауға тыйым салды.

0 пікір
Мұрағат