Ат үстіндегі көшпелі кітапхана
|
Индонезия тұрғыны Ридуан Сурури уақытын босқа өткізбейді. Ол ауылдық жердегі сауатсыздықты жою үшін мініс атын пайдаланады. 42 жастағы бес баланың әкесі «Kudapustaka» деп аталатын көшпелі кітапханасымен Ява аралындағы өзінің ауылын және көршілес елді-мекендерді аптасына үш мәрте аралайды. Оған мұндай ой досы Нирван Арзукпен сөйлескеннен кейін келген еді. Екеуі де қоғамға пайдасы тиетін іспен айналысудың қажеттілін сөз еткен. Олардың алдымен балаларға арналған 136 кітап болған. Артынан қайырымдылық ретінде келген кітаптармен кітап қоры молайған. ЮНЕСКО мәліметі бойынша біз сөз етіп отырған кейіпкер мен өзге де білім беру жобаларының арқасында Индонезиядағы ересектер арасындағы сауатсыздық деңгейі 15,4 млн адамнан 7,5 млн адамға дейін кеміген. Бұл жайында әлемге әйгілі «әл-Жазира» ақпарат көзі хабар таратты.