Археологтар Иса пайғамбардың тасқа қашалған бейнесін тауып алды (фото)
Археологтар Иса пайғамбардың тасқа қашалған бейнесін тауып алды (фото)
6 жыл бұрын 5529 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Археологтар Изарилдің оңтүстігінен икондағы бейнеге мүлдем ұқсамайтын Иса пайғамбардың тасқа қашалған бейнесін тауып алды. Бұл жайында ғалымдар Antiquity мерзімінді басылымында мақала жариялады. Иса пайғамбардың бейнесі Шивта ұлттық паркіндегі көне ғимараттың төбесінен табылған. Бұл ғимарат біздің дәуіріміздің 350 жылы тұрғызылған Оңтүстік Шіркеуге тиесілі. Иса пайғамбардың бейнесі христиандар көріп жүргендей емес - бұйра әрі қысқа шашты, иегінде сақал жоқ, көзі үлкен әрі қоңқақ мұрынды жас жігіттің бейнесі... Бұл бейне өткен ғасырдың 20-шы жылдары табылса да бейненің сапасы нашар болғандықтан осы уақытқа ғалымдар назар аудармай келген еді. Ғалымдар Иса пайғамбардың мұндай икнографиясы Мысыр мен Левантада (Шам мен Палестина аумағы кіретін аймақ) жиі кездесетінін алға тартып отыр. Алайда, кейін Византия өнерінде бұл бейне басқаша түрге еніп, қазіргі икондағы бейнеге ауысқан. Біздің дәуіріміздің VI-шы ғасыр басында христианның беделді өкілдері Иса пайғамбардың бейнесіне өзгерістер енгізген. 


0 пікір
Мұрағат