Арабия шөліндегі мына тастың құпиясы... (фото+видео)
|
Саудияның Табук қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым қашық шалғайда Tayma оазисі (Al Nafud шөлінің батыс өңіріндегі салыстырмалы түрде алғанда тегіс жазық) бар. Бұл шөл дала Al Naslaa деп аталатын тасымен әлемге әйгілі болған еді. Қызығы әрі таңқаларлығы: тас қақ ортасынан пышақпен бөлгендей бөлінген. Аталған мегалитті 1883 жылы Чарльз Хувер (Charles Huver) есімді еуропалық нәсілді адам байқап, әлемге танылуына үлес қосты. Бұл тас табиғи жолмен өзі бөлінуі мүмкін бе? Теп-тегіс болғанына қарағанда, адам сенбейді. Өздігінен бөлінгеніне. Бұған қоса, тастың қабатына қарсы бөлінген. Бұл мүмкін емес. Геологтардың айтуынша. Жыл сайын жұмбақ тасты тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен жүз мыңдаған турист арнайы ат басын бұрып келеді. Жұмбағы әлі күнге шешілмеген күйінде қалып отырған көне тас осылайша Саудияның ересен табыс көзіне айналып отырған жайы бар.