|
Әр оқу орнының өз мешіті болады
|
Түркия мұсылдары діни басқармасы әрбір мемлекеттік жоғары оқу орындарына арнайы ғибадат үйін салып бермек. Қазіргі кезде 80 университетте мешіттің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың 15-і пайдалануға берілді. 50-ге жуық мешітті 2015 жылы ашуды жоспарлап отырмыз", - деді дін істері басқармасының жетекшісі Мехмет Гермез.
Мехмет Гермез мырзаның айтуынша елде 20 млн мұсылман тұрады. Мемлекет сол мұсылмандарға тиісті ыңғайлы жағдай жасау керектігін тілге тиек етті.
Әр мешітте діни білімі бар, сауатты имамдар жұмыс жасайтын болады. Олар мемлекет қаржысынан айлықтарын да алып отырады. Аталған имамдар оқу орындарындағы жастармен тікелей жұмыс жасап, отанын, елін, жерін сүюге үгіттеп, психологиялық, моральдық жатқан көмек беретін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді