|
Ана тілін білмеген мемлекеттік қызметкерлер қалай жазаланады
|
Тәжікстан билігі тәжік тілін білмейтін немесе жетік білмейтін мемлекеттік қызметкерлерге шара қолдануға көшті. Бұл жайында аталған елдің министрлер кабинеті жанындағы тіл және терминология жөніндегі комитет жетекшісі Гауһар Шарофзода мәлім етті. Тәжік билігінің мұндай қадамға баруына мемлекеттік қызметкерлердің тәжік тілін бұрмалап, диалектімен қолданатыны, жаргон сөздерге үйір келетіні турасында материалдың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы түрткі болған. Гауһар Шарофзод осылай дей келе тәжік тілін дұрыс қолданбаған мемлекеттік қызметкерлер түзету жұмыстарына жегілетінін жеткізді. Сауатсыздығы үшін алғашқы жазаланатын мемлекеттік қызметкердің аты-жөні белгілі болды: Душанбе қаласының басшысы Махмасаид Зубайдзода.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр