Әлемдік державалардың басшылары босқын бейнесінде (фото)
Әлемдік державалардың басшылары босқын бейнесінде (фото)
7 жыл бұрын 3078 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Белгияда босқын мәртебесін алған сириялық суретші Абдалла Омар "Дәрменсіздік белдеуі" деген атпен картиналар топтамасын ұсынды. Онда әлемдік алпауыт державалардың басшылары босқындар бейнесінде салынған. Қылқалам шеберінің еңбектері BuzzFeed порталында жарық көрген екен. Суретші осылайша әлемдік мәселелерді шешетін алпауыт елдердің басшыларын соғыстан титықтаған Сирияның осындай күйге түскеніне кімдердің кінәлі екенін астарлап жеткізген. Көрген адамға ой салатын оның бұл топтамасында Дональд Трамп, Ангела Меркель, Башар Асад, Барак Обама, Тереза Мэй, Ким Чен Ын, Борис Джонсон, Николя Саркози, Франсуа Олланд және Дэвид Кэмерон босқындар бейнесінде бейнеленген. Қазіргі уақытта оның бұл топтамасы Дубайдағы көрмеге қойылған. "Олардың барлығы белгілі бір дәрежеде сириялықтардың тағдырына жауапты. Бәлкім, олар дәрменсіздіктің қандай болатынын, босқындар не сезінетінін сезер",- деді ол мұндай топтаманы дүниеге әкелудегі мақсатын түсіндіре келе. 

0 пікір
Мұрағат