Әлемдегі осы заманғы ең әдемі 10 кітапхананың біреуі Стамбұлда (фото)
Әлемдегі осы заманғы ең әдемі 10 кітапхананың біреуі Стамбұлда (фото)
6 жыл бұрын 6708 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сан-Франциско мен Лондонда жарық көретін Wired атты ғылыми-танымдық мерзімді басылымында Стамбұл шаһарындағы Байазит атындағы мемлекеттік кітапхананы әлемдегі осы заманғы сәулеті өзгеше, дизайн өрнегі ерекше кітапханалар арасында төртінші орыннан көрінген. "Үмім Османлы кітапханасы" деген атаумен 1884 жылы салынған кітапхананы күрделі жөндеуден өткізген әрі дизайнын сызған Tabanlıoğlu Mimarlık компаниясы болатын. Аталмыш мәдени орында оқырмандарға бір миллионға тарта құнды құжат сақталған. Олардың жартысына жуығын кітаптар құрайды. Кітапхана қорында 11 120 қолжазба сақталған. Wired ғылыми-танымдық мерзімді басылымның нұсқасы бойынша әлемдегі ең әдемі осы заманғы кітапханалар тізімінде бірінші орын Даниядағы, дәлірегі, Скандинавия түбегіндегі аса ірі Dokk1 кітапханасына, ал екінші орын АҚШ-тың Вермонт штаты аумағында орын тепкен Лоуренс көпшілікке арналған кітапханаға бұйырған. Үшінші орынға Қытайдың Чжэнь Юань қаласындағы Янчжоу кітапханасы жайғасқан. Бесінші орынға Норвегиядағы Веннесла кітапханасы табан тіреген. Алтыншы орынды норвегтердің Буде кітапханасы місе тұтқан. Чикагодағы көпшілікке арналған кітапхана жетінші орынға шықса, Ұлыбританиядағы Бирмингем кітапханасы (қорында 800 мың туында бар) сегізінші орынға иек артқан. Ал тоғызыншы орында - Канададағы Галифакс орталық кітапханасы, соңғы орында - Мексиканың Монтерре қаласындағы Конарт кітапханасы.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¡ÑамбÑлÑÑкÑÑ Ð³Ð¾ÑÑдаÑÑÑвеннÑÑ Ð±Ð¸Ð±Ð»Ð¸Ð¾ÑÐµÐºÑ ÐаÑзиÑ

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐоÑожее изобÑажение

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐоÑÑдаÑÑÑÐ²ÐµÐ½Ð½Ð°Ñ Ð±Ð¸Ð±Ð»Ð¸Ð¾Ñека ÐеÑзÑÑ Ð² СÑамбÑле

 

0 пікір
Мұрағат