Әлемдегі ең көне көп қабатты үйлер Араб түбегінде (фото+видео)
Әлемдегі ең көне көп қабатты үйлер Араб түбегінде (фото+видео)
7 жыл бұрын 9317 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы төбесі көк тіреген зәулім ғимараттар тек кейін пайда болған жоқ... Әлемнің бүгінгі маңдайалды мегаполистеріндегі көп қабатты үйлерден кем түспейтін ең ежелгі ғимараттар Таяу Шығыс аймағындағы ең көне шаһарда, дәлірегі, Йемен аумағындағы Шибам деп аталатын елді-мекенде орналасқан. Бұл қаланың 2500 жылдық тарихы бар. Осы өңірде бағзыда салтанат құрған Хадрамаут патшалығында (IV ғасыр) іргесі қаланған. XVI ғасырда аталған қаланы айналдыра қамал соғылған. Бұл қамал өз кезегінде жаудың шабуылынан қорған әрі қалқан болған. Кейін қала халқы көбейген еді. Қала сыртынан там соғу қауіпті болғандықтан көп қабатты үй тұрғызыла бастады. Бұл үйлердің биіктігі 11 қабатқа дейін жетеді. Кейбіреуі 5-7 қабаттан тұрады. Шибамдағы барлық үй жергілікті құрылыс материалынан соғылған: қыш-саман кірпіштен. Қолмен иленген кірпіштер аптап ыстықта күннің көзіне кептірілген. Үйлердің қабырғаларының қалыңдығы биіктеген сайын жұқарып отырған. Жоғарыдан салмақ аз түсетіндіктен әрі төменге артық салмақ түспеуі үшін осындай технология қолданған. Ең көне ғимарат 400 жылдан аса аман сақталып келеді. Үйлердің көбісінің биіктігі шамамен 30 метрді құрайды. Ал ең зәулім ғимараттың биіктігі 53 метрге жетеді. Өзінің ерекше сәулетімен аталған қала ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне еніп, арнайы қорғауға алынды. Бүгінгі таңда бұл қалада 10 мыңнан аса адам тұрып жатыр.

«ÐанÑÑÑÑен пÑÑÑÑни» â гоÑод дÑевнейÑÐ¸Ñ Ð½Ð° планеÑе многоÑÑажек

«ÐанÑÑÑÑен пÑÑÑÑни» â гоÑод дÑевнейÑÐ¸Ñ Ð½Ð° планеÑе многоÑÑажек

0 пікір
Мұрағат