Әлемдегі ең ірі екі өзеннің бірі тартылып барады
Әлемдегі ең ірі екі өзеннің бірі тартылып барады
1 жыл бұрын 1353 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Bruno Kelly / Reuters

Амазонка әлемдегі ең ірі екі өзеннің бірі. Ұзындығы жағынан да, арнасының кеңдігі жағынан да, ернеуі толы жағынан да. Мәселен, Латын Америкасындағы Амазонканың ұзындығы - 6 992 шақырымға жетсе, одан кейінгі ірі өзен (Африка құрлығындағы) – Нілдің ұзындығы - 7 088 шақырым.  Алайда, антропогендік факторларға байланысты климат дағдарысынан бұл өзеннің басына қауіптің қара бұлты үйірілді. Бразилия аумағындағы тропикалық өңірден ағатын өзеннің суы рекордтық деңгейде тартылған. Бұған жаһандық жылынудан құрғақшылық әсер еткен. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Су деңгейінің 13,59 метрге дейін төмендегенін хабарлады Амазонка мен Рио-Негроның түйіскен жеріндегі ең үлкен айлақ Манаустық сарапшылар. Салыстыру үшін алсақ, 2022 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 17,6 метрді құраған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үш ай бойы жерге нәр тамбаған, яғни, жауын болмаған. Мамандар бұл құрғақшылық кем дегенде желтоқсан айына дейін жалғасатынын алға тартып отыр. Осы орайда әлемдегі тағы бір ірі өзен – Миссисипидегі су деңгейінің 3,24 метрге дейін төмендеп кеткенін айа кетпекпіз.

Ұқсас материалдар:

«Күллі әлем бойынша өзендерге қауіп төнді – ғалымдар себебін айтты» (https://islam.kz/kk/news/alem/kulli-alem-boiynsha-ozenderge-qauip-tondi-galymdar-sebebin-aitty-19186/#gsc.tab=0);

«Өзен жекeменшекке берілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/ozen-jekemenshekke-berildi-14875/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат