Әлемде тұңғыш рет ұлттық эмодзилер шыға бастады
Әлемде тұңғыш рет ұлттық эмодзилер шыға бастады
4 жыл бұрын 3069 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Скандинавия түбегінде орын текпен Финляндия өзге халықтарға түсіну қиын, тек өздеріне түсінікті эмодзи жиынтығын әзірлепті. Әдетте күллі адамзатқа тән көңіл күй мен басындағы түрлі жағдайдан хабар беретін белгі ретінде қолданылып жүрген интернеттегі стандартты эмодзилер осылайша финдердің жиынтығымен толықты. «Финдердің эмодзи коллекциясында 56 эмоция бар. Олар финдердің кейбір түсінуге қиын көңіл күйін, сөзін және салт-дәстүрін мейлінше ұқтыру мақсатында жасалды»,- деп айтылған «Бұл Финляндия» порталында. Өзге ұлттың таным-түсінігіне сай келе бермейтін эмодзилер арасынан, мәселен, lavantanssit эмодзиі біреуді кездестіріп қалғандағы сезімді, ал pesäpallo (махаббат пен жеккөрінішті), kokko (от сезімін), sisu (табандылықты), kalsarikännit (үйде тек лыпамен ғана жүруді), т.б. білдіреді. Ал біреумен басындағы ең елеулі оқиға мен жайтты бөліскісі келгенде torilla tavataan эмодзиін пайдаланады. Ал perkele – финдердің боғауыз сөзін білдіретін эмодзи болса, karjalanpiirakka дәмді тағам жеуге аңсары ауғанын білдіреді; kaamos – аш ішекше шұбатылған түннің ұзақ түнінен хабар берсе, suomi mainittu – Финляндиядан тыс жерде елде еске алу, т.б.

0 пікір
Мұрағат