Әлемде қанша адамның түрік тілін білетіні белгілі болды
Әлемде қанша адамның түрік тілін білетіні белгілі болды
4 жыл бұрын 2579 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Әлем бойынша 220 млн адамның түрік тілінде сөйлейтіні белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қараманоғлы Меһметбей университетіндегі түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ыдырыс Нәби Ойсал келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түрік ғалымының айтуынша, әлемде түрік тілінің қолданылу аумағының кеңеюін Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөіндегі агенттігі (UNESCO; United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) тіркеген. Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша. Ыдырыс Нәби Ойсалдың айтуынша, қандай да бір әлемдік тілдер қатарына көтерілуі үшін бірқатар өлшемдерге сай болуы тиіс. Соның ішінде тілдің жасы, сөйлейтін адамдар қарасы, географиялық таралу аумағы, сөздік қоры, өзге тілдерден енген сөздер, екінші тіл ретінде оқытылуы, т.б. ескеріледі. Осылай деген ол түрік тілінің хатқа түскеніне, яғни, жазба тілге айналғанына біздің дәуірімізге дейін 3,5 мың жылға барып тірелетінін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат