Әлемде ең көп тараған 100 тіл. Қазақ тілі қай орында
Әлемде ең көп тараған 100 тіл. Қазақ тілі қай орында
5 жыл бұрын 3922 bag.kz

Тілдің кең таралуы әдетте оны білудің қаншалықты тиімді екеніне және оның географиялық локациясына байланысты болып келеді. Тіл қанша танымал болғанымен, аталған тілде жалпы сөйлеушілер саны мен оны туған тілі санайтындар саны сәйкес келмей жатуы да мүмкін.

Бүгінгі мақалаға WordTips жасаған иллюстрация пайдаланылып отыр. Мұнда әр тілде жалпы саны қанша адам сөйлейтіні және оны туған тілі санайтын адамдар саны көрсетілген, деп жазады Massaget.kz.

 

Тіл

Сөйлеушілердің жалпы саны

Тілдің генеологиялық жіктелуі

1

Ағылшын

1,132 миллион

Үнді-еуропалық

2

Мандарин Қытай

1,117 миллион

Син-тибет

3

Хинди

615 миллион

Үнді-еуропалық

4

Испан

534 миллион

Үнді-еуропалық

5

Француз

280 миллион

Үнді-еуропалық

6

Араб

274 миллион

Афро-азиялық

7

Бенгал

265 миллион

Үнді-еуропалық

8

Орыс

258 миллион

Үнді-еуропалық

9

Португал

234 миллион

Үнді-еуропалық

10

Индонезия

199 миллион

Аустронезиялық

Жоғарыда көрсетілген кесте бойынша, сөйлеушілердің жалпы санының көптігінен бірінші орынға ағылшын тілі жайғасқан. Екінші сатыда Мандарин Қытай тілі болса, үштікті хинди тілінде сөйлеушілер қорытындылайды. Ең әдемі саналатын испан мен француз тілдерінде сәйкесінше 534 миллион және 280 миллион адам ойын жеткізе алады екен. 6 мен 7-ші сатыларда араб және бенгал тілдері орналасқан. 258 миллион адам тіл қатыса алатын орыс тілі 8-ші орында. Португал мен индонезия тілдері кең тараған тілдер ондығын қорытындылайды.

Ал қай тіл қанша адамның ана тілі саналатынын төмендегі кестеден көре аласыздар:

Тіл

Қанша адамның ана тілі?

Тілдің генеологиялық жіктелуі

1

Мандарин Қытай

918 миллион

Син-тибет

2

Испан

460 миллион

Үнді-еуропалық

3

Ағылшын

379 миллион

Үнді-еуропалық

4

Хинди

341 миллион

Үнді-еуропалық

5

Бенгал

228 миллион

Үнді-еуропалық

6

Португал

221 миллион

Үнді-еуропалық

7

Орыс

154 миллион

Үнді-еуропалық

8

Жапон

128 миллион

Жапон

9

Батыс Пунджаби

93 миллион

Үнді-еуропалық

10

Маратхи

83 миллион

Үнді-еуропалық

Екінші кестеден, кең таралған тілдер тізімінде екінші болып тұрған Мандарин Қытай тілінің алдыңғы қатарға шыққанын көреміз. Ал бірінші кестеде 4-ші сатыны місе тұтқан испан тілі оны ана тілі санайтындар тізімінде екінші орында. 379 миллион адамның бойына ағылшын тілі ана сүтімен дарыған. Одан кейін хинди, бенгал, португал, орыс, жапон тілдері орналасса, 9-шы және 10-шы сатыларда біз естіміген Батыс Пунджаби мен Маратхи тілдері бой көрсетеді. 

Бұл кестеде қазақ тілі қай сатыға тұрақтаған? 

Жоғарыда көрсетілген иллюстрация бойынша, қазақ тілінде сөйлей алатындардың жалпы саны мен оны ана тілі есептейтіндердің көрсеткіші тең түседі. Яғни, екеуі де – 12,934,060. Осылайша, "Әлемде ең көп таралған 100 тіл" рейтингінде қазақ тілі 89-орынға жайғасқан. Генеологиялық жіктелуі бойынша туыстас келетін түрік тілі 20-орын, өзбек тілі 54-орын, әзірбайжан 82-орынға тұрақтаған.

0 пікір
Мұрағат