Әлем тілдерінің жартысына жуығы мүлдем жоғалады
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, көп ұзамай әлемдегі тілдердің 43 пайызына мүлдем жойылу қаупі төніп тұр. Дәлірегі, әр екі апта сайын әлемде бір тіл жоғалып отырады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Италиядағы Лигур тіліне, Африка құрлығында бірнеше тілге, роман тілдер тобына жататын пикар тіліне, карашай, балкар, гагауз, қырым-татар, арбери, т.б. тілдеріне жойылу қаупі төніп тұр. Сондай-ақ, Жаңа Зеландиядағы маори, Латын америкасындағы куррипако, Грузиядағы суани тілдерінің де тағдыры қыл үстінде тұрғанын айта кету керек. Бұл тарапта азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстардың тілін қорғау мәселесі өзекті мәселеге айналған. Олардың қолдану аясының тарлығынан жоғалып жатыр. Тіл мәселесі белгілі мемлекеттің субьектілері саналатын ірі елдерде де көкейтесті мәселеге айналған. Мәселен, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан, Башқұртстан, Саха, т.б. түркітілдес халықтардың тіліне қауіп төніп тұр.