«Аль-Азхар» университетінде Абай орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады
«Аль-Азхар» университетінде Абай орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады
5 жыл бұрын 2110 madeniportal.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мысырдағы танымал «Аль-Азхар» университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады.

«Елші (Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев) «Аль-Азхар» университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына «қазақ тілі» мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді», – деп хабарлады сейсенбіде ҚР СІМ Исағалиевтің аль-Махрасауимен кездесу қорытындысы бойынша.

Хабарда атап өтілгендей, бұл бағыттағы жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге жүргізілетін болады.

Еске салсақ, қазақстандықтар 2020 жылы мемлекеттік деңгейде ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығын атап өтуге дайындалуда.

0 пікір
Мұрағат