Айя-Софияның бас имамы тағайындалды
Айя-Софияның бас имамы тағайындалды
4 жыл бұрын 3305 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі, таяуда ғана Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен мәртебесі өзгеріп, музейден мешітке айналдырылған Айя-Софияның бас имамы тағайындалды – тегі босниялық Феррух Муштуар. Ол босния тілінде жақсы сөйлейді әрі хафыз. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Феррух Муштуэр Түркияның Киутаһия қаласында 1971 жылы дүниеге келген. Стамбұл шаһарындағы Йени Жами мешітінің имамы болып қызмет атқарған. Тарихи отанына – Босния мен Герцеговинге жиі барып тұрады. 2006-2010 жылдары аралығында ол Австрияда имам болып қызмет атқарды. 2013 жылы Кувейтте өткен халықаралық хафыздар байқауына қатысқан. Отбасылы, үш перзент сүйген.

Имам Феррух Айя-Софияда мешіт ретінде ашылмай тұрғанда қасиетті құран аяттарын оқып тұратын.

Айя-Софияның азан шақырушысының да тегі балқандық - Алпжан Шелік есімді 27 жастағы хафыз жігіттің туып-өскен жері Македонияның Скопье қаласы. 

0 пікір
Мұрағат