Айя София мешітке айналуы мүмкін
Айя София мешітке айналуы мүмкін
6 жыл бұрын 4330 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стамбұл шаһарындағы туристер ең көп баратын әрі әлемдегі сәулеті өзгеше мәдени, тарихи кешен бұдан былай ақылы музей емес, тегін кіруге болатын мешітке айналуы мүмкін. Бұл жайында Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мәлім етті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Түркия президенті бұрын Айя Софияның мешітке айналдыруға қарсы болатын. Салдарының ауыр болатынын (батыс елдерінің қолдамайтынын) алға тартып Десе де Түркиядағы сайлау науқанында бұл тақырып қайта көтеріліп, Айя Софияның мәртебесіне қатысты ел президенті былай дейді: "Айя София мәртебесі музейден мешітке айналуы мүмкін. Сайлаудан соң (наурыздың 31-і күні өтетін). Барлық наным-сенімдегі туристер оның жанында орын тепкен Көгілдір мешітке тегін кіре алады. Айя Софияны да осылай етуіміз мүмкін",- деді TGRT телеарнасының эфирінен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазіргі уақытта Айя Софияға кіру ақысы 60 түрік лирасын (шамамен 3700 теңгені) құрайды. Айя София VI ғасырда тұрғызылған. XV ғасырдың орта шенінде Византия империясының құлауына байланысты Айя София мешітке айналған болатын. Алайда, 1934 жылдан бастап осы заманғы түрік мемлекетінің іргетасын қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің пәрменімен музейге айналған еді. 1985 жылы ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізімен енген болатын. 

0 пікір
Мұрағат