Адамды тыртығына, денесіндегі кемістігіне, ерекше белгісіне қарап танитын жүйе
Адамды тыртығына, денесіндегі кемістігіне, ерекше белгісіне қарап танитын жүйе
5 жыл бұрын 2304 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) адамды жүзінен тану жүйесін қолданыстан алып, оның орнына HART (Homeland Advance Recognition Technology) жүйесін енгізбекші. Аталмыш жүйе жүз млн-даған адамның жеке басына қатысты мәліметтерді қамтитын биометрикалық «нысаналы» деректер базасынан тұрады. HART «нысаналы» платформасы адамның жеке басының мәліметтерін талдау мүмкіндігін, есептеу қуатын биометрикалық операцияларды дәл жүргізу артықшылығына ие. Бүгінгі таңда адам тану технологиясында кеңінен қолданылатын, көз торының, саусақ ізінің және бет-әлпеттің сәйкестігін тексеретін жүйеден қандай артықшылыққа ие? Ендігі жерде адамды бірнеше сипаты бойынша тану мүмкін болмақ: алақан табы, тыртық, денеге инемен салынған сурет (тату), дене бітіміндегі кемістік және адам даусы. Бұдан бөлек, аталмыш жүйенің деректер базасында адамның ДНК-сы туралы мәлімет қамтылады. New York Times мерзімді басылымның жазуынша, қазірдің өзінде ауыр қылмыс жасап қолға түскен немесе тұтқындалғандардан генетикалық анализ алынуда. Сондай-ақ, АҚШ-тан пана сұрап келгендерден де, тіпті, мигранттардан да генетикалық анализ алынатын болады. Бір «қызығы», HART жүйесі үшін «нысаналы» хостингті тұтынушыларға бақылау құрылғыларын, есік жақтауында орнатылатын видео қоңырау шалу қондырғысын, Alex үй көмекшісін және Nest қауіпсіздік жүйесін сататын әлемге әйгілі Amazon компаниясы ұсынады. Оның өнімдері пайдаланушылардың жеке мәліметтерін жинайды, өңдейді әрі сақтайды. Мұны кездейсоқтық дей аласыз ба? Бұдан бөлек, Amazon Web Services-тың «нысаналы» веб-қызметі Орталық барлау басқармасының, АҚШ қорғаныс министрлігінің және НАСА-ның мәліметтеріне ие. 

0 пікір
Мұрағат