7 жасында Құранды толық жаттаған қыз қазір өзгелерге ұстаз болып жүр (видео)
|
Англияның Лутон елді-мекенінде тұратын Мәриям Аслам есімді 12 жастағы жеткіншек қыз қасиетті Құранды бастан-аяқ жаттауына Сириядағы жоқ-жітікке қайырымдылық шарасы түрткі болған екен. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, бастапқыда мұқтаждарға қайырымдылық шарасы үшін Йасин сүресін жаттауды алдына мақсат етіп қойыпты. Оның қасиетті Құранды тез жаттайтынын байқаған анасы оның хафыз атануына жәрдем берген. Ол күніне шамамен 5 сағатын ислам ілімін зерделеуге жұмсаған. Анасы оның талабын қанаттандырып, жаттаған сүрелері үшін ойыншық, бояу кітабы секілді сыйлық беріп отырған. Ол қасиетті Құтранды екі жылда бастан-аяқ жаттап алған. Яғни, жеті жасында Құранды жаттап алған Мәриям бүгінде өзгелерді қасиетті Құран жаттауға баулып жүр. Өзінің дәрісін YouTube-дегі арнасына жүктеп, Instagram әлеуметтік желісінде жариялап отырады.