6000 жыл бұрын ат үйреткен қазақтарға қызыққан шетелдік (фото)
6000 жыл бұрын ат үйреткен қазақтарға қызыққан шетелдік (фото)
9 жыл бұрын 4742

Қазақ халқы тағы да шетелдіктердің назарына ілікті. 400 мың қойын жайып жүрген қазақ малшысының фотосы шетелдік сайттарда жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ порталы imgur.com-ға сілтеме жасап. Ал қазақтың үйінде қонақ болған америкалықтың жылқы етін жеймін деп жүрегі көтерілген.

малшы2

“Қытайдың батысында қазақ малшылар жыл сайын көктемгі жайылымға 400 мың қойын айдап, 300 шақырым жерді жүріп өтеді”, – деп жазған фото авторы қазақтардың фотосын назарға ұсынып.

малшы1

Райан Белл (Ryan Bell) есімді америкалық фотограф та қазақ малшыларының фотосын Nationalgeographic-ке жария еткен. Ол қазақтарға сапарынан алған әсерімен “Жылқыларды құрметтеп, жейтін Қазақстан” атты мақаласында бөліскен.

малшы9

Белл қазақтардың аттарды қатты құрметтей тұра жейтініне таңырқаған.

“Киіз үйден аттың иісі шығып тұрды. Әдеттегі мен сүйетін иіс емес, ат етінің піскендегі иісі. Мен жаққа қарай ескен тағамның иісіне таң болдым. Бұл Қазақстанның танымал тағамы – бешбармақ. Піскен жылқы етінен жасалады. Америкалықтар атты құрметтегендіктен оны жемейді, ал қазақтар атты құрметтегендіктен оны жейді”, – дейді автор.

малшы10

Америкалықты Қытаймен шекараласқан Алтай тауларының бөктерінде тұратын бақташылар отбасы үйінде қонақ еткен.

“Олар 6000 жыл бұрын ат үйреткен дала көшпенділерінің қазіргі бейнесі. Америкалық ковбой ретінде, мен әрдайым осы мәдени тайпа туралы білгім келетін. Мен мұнда келгеннен кейін, менің ас мәзіріме үйренбеген ет тағамдары қосылатынын күтпеген едім”, – деп жалғастырды Райан.

малшы11

Жылқы етін алғаш аузына алған шетелдіктің қатты жүрегі айныған.

“Мен тағамнан қасығыммен енді ала бергенімде, америкалық сезімталдығым оянды ма, білмеймін, шағын жүрек айну рефлекс туғызды. Сонда мен өз ішімнен: “қанеки, сен бұрын да жылқы етін жеп көргенсің, Италиядағы mortadella есіңде ме? Моңғолияда ішкен Арик ше?”, деп ойладым”, – дейді Райан.

малшы12

Олай болса, америкалықтар жылқы етінен  неге түршігеді деп сұрақ қойды шетелдік автор.

“Шындық тарихымызда, негізінен америкалықтар бұрыннан жылқы етінен дәм татқан. Бірақ автомобильдің ашылуы өркениеттің дамуына себепкер болды. Бұрын, ешбір іс жылқының көмегінсіз бітпейтін еді… Неге оларды жеуге болмайды? Олар да ірі қара сияқты, басқа да шаруашылық малымен тең қаралды. Алайда, автомобильдердің саны артты, жылқыға деген сұраныс төмендеді. Жыл сайынғы өсіруі де азайды. Көп ұзамай, бұл жылқының бағасы артып, оған қол жеткізу салтанатқа айналды. Басқаша айтқанда, олар иттер секілді үй жануарларына айналды”, – деп өз сұрағына жауап берді америкалық.

малшы3

Райан қазақтардың тарихы америкалықтардан өзгеше екенін сөз етті.

“Қазақтың тарихы бізден өзгеше. Олардың көшпелі мәдениеті жылқыны көлік ретінде және азық ретінде пайдаланған. Кеңес Одағының құрамына өткен соң, қазақ қоғамы қазіргі заманның легіне енді. Автомобильдер заманның өз үлесін алғанымен, Қазақстанда бүгін де жылқы етін өндіру тоқтаған жоқ”, – деп жалғастырды ол.

малшы4

Шетелдік өз қорқынышын жеңіп, ақыры жылқы етін жеуге үйреніп қалғанын жасырмады.

“Мен жылқы етінің дәміне біраз үйреніп қалдым. Жылқы еті бұлан еті тәріздес қатқылдау келді, сол себепті ұзағырақ шайнау керек. Әрі сол ауланатын жануарлар сияқты, жылқы еті де ақуыздың салауатты көзі болып табылады. Жылқы етін жеген адам шапшаң, әлді әрі ақылдырақ болады деседі. Менің таз басымды байқаған үй иесі жылқы етінің шаш өсуіне де пайдасы барын айтып, маған көбірек жеуге шақырды”, – деп әзілдеді Райан.

малшы5

малшы6

малшы7

малшы8

0 пікір
Мұрағат