48 сағат бұрын ие болған аралды қайтармайды
48 сағат бұрын ие болған аралды қайтармайды
6 жыл бұрын 3135 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран Парсы шығанағындағы Үлкен және Кіші Танб пен Бу-Мұса аралдарын Біріккен Араб Әмірліктеріне беруден бас тартып отыр. Бұл жайында «Fars» ақпарат агенттігі Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің кезекті кездесуінде Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Баһрам Гасемнің жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған жиында БАӘ сыртқы істер министрі Абдолла бин Зайд әл Нақиян аталмыш аралдарды қайтарып алу талабын қойған болатын. Бұған наразы болған Иран делегациясы БАӘ СІМ министрінің сөзінің соңын күтпей жиыннан кетіп қалды. Сөз орайы келгенде мынаны айта кету керек, аталмыш аралдар Ормуз бұғазы маңында орын тепкен. Әлемдегі мұнай қоры көп аралдарды Иран тарапы Біріккен Араб Әмірліктері 1971 жылы өзін мемлекет ретінде жариялаудан  48 сағат бұрын иемденген болатын.

0 пікір
Мұрағат