|
2021 жылы 270 млн адам аштықтан баудай түсуі мүмкін
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл әлемдік азық-түлік бағдарламасының жетекшісі Дэвид Бисли COVID-19 пандемиясына байланысты әлем бойынша 270 млн аштықтан опат болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл жайында islam.kz ресейлік ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 270 млн адамға аштықтан өлу қаупі төніп тұр. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында сөз алған Дэвид Бисли дамыған елдерді кедей елдерге қарайласуға, соның ішінде, тәжді тажал жұқпалы індетіне қарсы екпемен бөлісуге шақырды. Осы жылдың қазан айында ол COVID-19 пандемиясына байланысты аштықтың алдын алу үшін кем дегенде 6,8 млрд. доллар қаражат қажет екенін мәлімдеген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)