2018 жылы 2300-ге жуық адам дәрі-дәрмектен зардап шеккен
2018 жылы 2300-ге жуық адам дәрі-дәрмектен зардап шеккен
6 жыл бұрын 2485

Бұл жөнінде baq.kz ақпарат көзі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекованың жасаған мәлімдемесіне сілтеме асай отырып хабарлады.

«1 қарашадағы жағдай бойынша дәрілік заттардың жағымсыз әсері туралы 2282 карта хабарламасы тіркелген. Олардың ішіне, 77 жағдай бойынша ауыр жағымсыз әсер болған. Біз медициналық мақсаттағы құралдың 18 топтамасын тоқтату туралы сәйкес шешім шығардық», - деді ол.

Бюрабекованың айтуынша, барлық жағдай бойынша дәрілік заттарға ұлттық сараптама орталығында сәйкес бағалау жүргізілген.

«18 жағдай бойынша адам бойында пайда болған жағымсыз әсерге көрсетілген дәрілік заттардың еш қатысы жоқ екені анықталды. Көп жағдайда жағымсыз әсер микробқа қарсы, бактерияға қарсы дәрі-дәрмектер бойынша тіркеледі. Олар қабылдау үшін өте ауыр болып саналатын дәрілер тобына жатады. Сонымен қатар, осы жылы наркоз үшін қолданылатын «Пропофол» мен «Кетамин» препараттарына жағымсыз әсер туындауының бірнеше жағдайы тіркелді», - деді комитет төрайымы.

0 пікір
Мұрағат