2000 еврей өз байлығының 50%-ын Израилдің өркендеуіне жұмсауға келісімін берді
2000 еврей өз байлығының 50%-ын Израилдің өркендеуіне жұмсауға келісімін берді
3 жыл бұрын 2198 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та құрылыспен айналысатын Гаролд Гринспун есімді еврей филантропы «Болашаққа еврейлердің беретін уәдесі» деп аталатын жобаға қолын қойған екі мыңынша еврей ретінде тіркелді. Аталмыш жобаға қатысқандар өз жиған-терген дәулетінің қақ жартысын, яғни, 50 пайызын Израил мемлекетін және шетелдегі еврейлер қауымдастығының игілігіне жұмсауға міндеттеме алады. Бұл жайында islam.kz порталы 7kanal.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылы көтерілген бастамаға қосылғысы немесе қолдау көрсеткісі келетіндер санына шектеу қойылмайды. Тегіне, тұрған жеріне, жынысына, жасына, капиталының мқлшеріне қарамастан. Аталмыш бағдарлама әлемнің әр түкпіріндегі еврей ұйымдары арқылы Солтүстік америкада, Израилдің өзінде, Ұлыбританияда, Оңтүстік Америкада қолдау тауып жатыр. Бұл бастама өз кезегінде уақыт өте келе үлкен қозғалысқа айналуы мүмкін. Бәрі еврей халқы мен Израил мемлекеті үшін. Бұл бағдарламаның негізін Майк Левен есімді еврей қалаған болатын.

Қарай отырыңыз: 

"Әлемде қанша еврей бар" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-qansha-evrei-bar-15706/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат