1500 жылдық мумия табылды
1500 жылдық мумия табылды
9 жыл бұрын 7031
Моңғолияның батыс жағындағы көне таулы қорымдарының бірі Борт багийн Үзүүрт гялан деген жерден қазба жұмыстары барысында 1500 жылдық адамның мүрдесі табылды. Бұл жайында ARD порталына сілтеме жасай отырып CA-NEWS (MNG) хабарлайды.  
Жергілікті мұражайдың қызметкері Ховд Б.Сүхбаатардың айтуынша ол мүрде қарапайым отбасынан шыққан әйел адамның мүрдесі болып табылады. Десе де, түрік ақпарат көздері бұл мумияның түркі халықтарына тиесілі екенін алға тартуда. 

мумия_монголия5

Сондай-ақ, б.з. 552-745 жылдарына тән бірқатар заттар табылды: ер-тоқым, ауыздық, саздан жасалған ваза, ағаш тостаған, астау, темір қазан, жылқының бүтіндей денесі, төрт түрлі дээли (моңғолдың ұлттық киімі) және де киізге оралып, мумияланған адамның денесі. 

Табылған заттар жақсы сақталған. Себебі, олар теңіз деңгейінен 2803 метр биікте орналасқан таулы аймақта үш метр тереңдікте, құрғақ әрі күн түсетін жерден табылған. 

мумия_монголия

мумия_монголия3

мумия_монголия4

Сонымен қатар, онда қойдың басы және киізден жасалған жол сөмкесі табылған. Сөмкенің ішінде қойдың қабырғасы, ешкінің сүйектері және де шәй шынысын салып қоюға болатын былғарыдан жасалған шағын сөмке болған. Бір таңқаларлығы, аяқ киім немесе басқа заттарға мұқият зер салар болсақ, тігістері қазіргі тігін машиналарымен тігілген дүниелерден еш кем емес. Қазіргі бренд компаниялардың өнімдеріне ұқсайды. 

мумия_монголия2

1 пікір
  • Осы ескі қорымдарды ашып қарауға шариғаттың үкімі қандай екен. Байқамай тағы бір Ақсақ Темірдің бейіті ашылып қалып бір қырғын басталып кетпесіне кім кепіл. Құдай бетін ары қылсын әрине.
    9 жыл бұрын
Мұрағат