Зиянкестермен күресудің пестицидті қажетсінбейтін тиімді тәсілі табылды
Зиянкестермен күресудің пестицидті қажетсінбейтін тиімді тәсілі табылды
4 жыл бұрын 3806 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Құмырсқалардың феромонын пайдалану арқылы зиянкестермен тиімді күресудің тың тәсілі табылып отыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда мынаны кету керек, феромон ауыл шаруашылығында зиянкестерді инсектицидті тұзаққа тарту үшін қолданылып келген болатын. Алайда, мұндағы бар кілтипан - феромон жанармай секілді тез ұшып жоғалатын еді. Бата мен Сассекса жоғарғы оқу орындарының ғалымдары металды органикалық каркас құрылымы (MOF) деп аталатын молекулярлы губканы пайдаланатын жаңа жүйені жұртшылықтың назарына ұсынды. Ол бұл процесті барынша баяулатып, нәтижесінде пестицидтің ауыл шаруашылығында қолданылуын азайтуға септігін тигізеді. Феромон дегеніміз не? Бұл терминнің мағынасы былайша түсіндірілген екен: кей жануарлар мен жәндіктердің бойынан бөлінетін, белгілі бір биологиялық түрлердің өзара байланысын қамтамасыз ететін сыртқы секреция. Былайша айтқанда, қоздырушы, елітуші деген мағынаға саяды. Жапырақ кеміретін құмырсқалардың бойынан бөлінетін мазасыздық феромонын аталмыш губка сіңіріп алады да артынша баяу босатады. Ғалымдар каркастың негізгі құрылымындағы химиялық топты өзгерте отырып, феромон бірден ұшып кетпей, бірнеше ай бойы сыртқа баяу шығатындай тәсілді қолданған еді. Жоғарыда айтылған технологияны қолдана отырып. Ғалымдардың бұл тәсілі Бразилия плантациясында сынақтан өтіп, тиімділігі тексерілді. Бразилияның орман шаруашылығына бір жылда 8 млн доллар шамасында шығын келтіретін аталмыш құмырсқаларды тұзаққа түсіруде ойдағыдай нәтиже көрсетті.

0 пікір
Мұрағат