Зақымдалған сүйектің бітуін тездететін биоматриал
Зақымдалған сүйектің бітуін тездететін биоматриал
6 жыл бұрын 2643 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа композитті материал сүйек жасушасын қалпына келтіру жылдамдығын арттыратын биоыдыраушы имплантатты жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, қытай ғалымдары бұл бағытта тынбай ізденіп, үлкен жетістікке жеткен болатын. Олар зақымдалған сүйек жасушасын қалпына келтіріп қоймай, одан ары өсуіне мүмкіндік беретін композитті материал жасады. Бұл жайында Biomaterials мерзімді басылымында айтылған. Термикалық әсер ету зақымдалған сүйек жасушасын қалпына келтіруді тездететін тәсілдердің кеңінен тараған түрі. Алайда, сүйек жасушасына сырттан жылудың тигізер әсері жеткіліксіз болатындықтан дәрігерлер өту, ену қабілеті жоғары инфрақызыл диапозонның электромагниттік сәулеленуін қолданады. Қытай ғылым академиясының және Сянган университетінің Тун Липин жетекшілік еткен ғалымдары фототермал сезімталдығы жоғары биокомпозитті материалды жұртшылықтың назарына ұсынды. құрамында қара фосфордан наноматериалы бар жаңа композит тіпті, қалыңдығы 7 мм қабаттан өтуге қабілетті: сүйек жасушасына дейін инфрақызыл сәулеленудің әсерімен жылуды арттырады. Бұл материал көп ұзамай емдік мақсатта кеңінен қолданылатын болады. 

0 пікір
Мұрағат