Зақымдалған сүйекті тез қалпына келтірудің әдісі табылды
Зақымдалған сүйекті тез қалпына келтірудің әдісі табылды
2 жыл бұрын 1732 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: joel bubble ben / Shutterstock / Fotodom

Питтсбург университетінің ғалымдары сүйек тініне арналған немесе басқа биоматериалдардың имплантациясын пайдаланбай-ақ, зақымдалған сүйектерді жылдам біріктірудің жаңа әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш тәсіл сипатталған PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар қисық тістерді туралау, яғни, түзету үшін ортодонтиялық сымға ұқсайтын құрылғыны пайдаланатынын білесіздер. Бас сүйегі сынған тышқандарға тәжірибе жүргізген зерттеушілер қаңқаның діңгекті жасушаларын белсендіре отырып, оны бас сүйегінің тігістері бойымен ақырын созу үшін осы технологияны орнатып көрді. Нәтижесінде ересек тышқандардың бұл әдістен өздігінен бітпейтін бас сүйек жарақаты жазылған. Ғалымдар бас сүйегінің жарақатының қалай бітетінін қадағалау үшін, дәлірегі, осы процесс барысында қандай тетік іске қосылатынын анықтау үшін бір жасушалы РНҚ-ны секвенирлеу технологиясы мен нақты уақыт аралығында қадағалауға мүмкіндік беретін микроскопияны қолданды. Белгілі болғандай, кеміргіште ортодонтиялық сымға ұқсайтын құрылғыны кеңейтілген нұсқасын пайдаланғанда діңгекті жасушалар саны төрт есеге көбейген. Десе де аталмыш әдіс екі айлық тышқандарда ғана тиімділік танытқан – бұл жас биологиялық тұрғыдан адамдардың жастық шағымен сәйкес келеді. Ал мұндай тәсіл он айлық (адамның егде жасына ойысар кездегі орта жас) тышқандарда нәтиже бермеген. Өйткені, кәрі тышқандарда діңгекті жасушалар деңгейі төмен болғандықтан бұл әдіс тиімсіздік танытқан.

0 пікір
Мұрағат