Зәйтүн майының пайдасы қандай?
Зәйтүн майының пайдасы қандай?
9 жыл бұрын 14665 ҚазАқпарат

Зәйтүн майы көптеген ғасырлар бойы халық медицинасында пайдаланылып келеді.

Оны кез-келген ауру түріне қолданған: стоматологияда, асқазан аурулары, тері аурулары, улануда және т.б.
Зәйтүн майы бүкіл әлемде ең пайдалы, емдік қасиетке ие май ретінде танымал. Денсаулығымызға тигізер пайдасы орасан зор:
- терімізді ылғалдандырып, жұмсартады;
- жасартатын қасиетке ие. Құрамындағы Е дәрумені мен антиоксиданттар әжім түсуді болдырмайды;
- тері жасушаларын қалпына келтіріп, дерматит пен құрғақтықтан сақтайды;
- тұмауда;
- асқазан-ішек жолдары ауруларында;
- бас ауруында;
- экзема, конъюнктивит т.б. ауруларда көмектеседі.

Дәрігерлер зәйтүн майын тамақпен бірге күніне кем дегенде бір рет қолдану - әйелдердің омырау безі обырының алдын алып, онкологиялық аурулармен күресетінін айтады. Себебі, зәйтүн омырау безі обырының пайда болуына себеп болатын HER-2/neu онкогеніне қарсы тұрады. 
Басқа майларға қарағанда оңай сіңіріледі, сондықтан кез-келген қан тобындағы адам пайдалана алады.


Қолдану жолдары: 

Зәйтүн майын күнделікті таңертең ашқарынға бір қасық ішіп тұрсаңыз, кез-келген аурудың алдын алып, денсаулығыңызды сақтай аласыз.
Тері күтімі. Ол бет терісіне ғана емес, сондай-ақ, шаш, тырнақ, бүкіл денеңізге жақсаңыз, теріңізді жібектей жұмсақ, тегіс етіп қалпына келтіреді. Қолдану да қиындық туғызбайды. Таңертең және кешке бет терісіне крем жаққандай етіп жақсаңыз болғаны. Ұйықтар алдында жақсаңыз болды. Құрғақ шашты ылғалдандырып, майлы шашты қалпына келтіреді. 30 грамм зәйтүн майы мен екі жұмыртқаның сарысын араластырып, шашыңызға жағып жарты сағаттан соң жылы сумен сусабынмен жуып тастайсыз. Аптасына бір-екі рет осы масканы жасап тұрсаңыз, шашыңыз жұмсақ, жылтыр әрі сау болады.

Зәйтүн және күнбағыс майлары сәбилердің терісі үшін зиян

Зәйтүн және күнбағыс майлары  сәбилер терісінің табиғи қорғау қасиеттерін бәсеңдетеді. Ұлыбританиядағы Манчестер Университетінің сарапшылары осындай тоқтамға келді.

Сәбидің терісіне зәйтүн және күнбағыс майлары жағылғанда бұл инфекциялар мен  аллергендердің жұғуына қарсы тұратын бөгетті бәсеңдетеді.  Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, нәтижесін Аcta Dermato-Venereologica журналында жариялады.

Зерттеу кезінде Saint Mary's Hospital ауруханасының акушерлері 115 перзентті үш топқа бөлді. Бірінші топтағыларға зәйтүн майы, екіншісіндегілерге күнбағыс майы жағылса, үшіншісіне бірі де жағылмады. 28 күн бойы бірінші және екінші топтағы балалар денесінің бір бөлігіне аздап май жағылды.   

Осылайша зерттеушілер бірінші және екінші топтағы сәбилерде инфекциялар мен  аллергендердің жұғуына қарсы тұру қасиеті үшінші топтағы нәрестелердікіне қарағанда бәсеңдегенін анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ.

0 пікір
Мұрағат