Ыстықта салқындататын, суықта жылытатын мата жасалды
|
Ғалымдар ыстықта денені салқындататын, ал суықта бойды жылытатын матаның жаңа түрін жасап шығарды. Бұл мата Қытайдың Хуачжун ғылым және технология университетінде жасалды. Ол жібектен және ұсақ микроқұрылымы бар талшықты қалыптастыратын хитозаннан (шаян тәрізділердің қабығында кездесетін табиғи қосынды) жасалды. Бұл тесіктер температураға қарай - ыстықта сұйықтық күйінде болатын, ал суықта қатты күйге енетін – агрегатты жағдайын өзгерте алатын полиэтиленгликолмен толтырылады. Талшықтың өзі полиэтиленгликол сұйықтық күйінде болған кезде ағып кетпесі үшін полидиметилсилоксанның органикалық полимерімен жалатылғанғ яғни, қапталған. Мұндай материалдар жиынтығынан алынған мықты, икемді жіптер суды өткізбейді. Тәжірибе барысы көрсеткендей, осынау матадан тігілген қолғап 50 ºC-қа дейін жылытылған камерада жан-ағындағы жылуды сіңіріп, сұйықтыққа айналу арқылы теріні салқындатты. Ал 10 °C-қа дейін салқындатылған кезде полиэтиленгликол қатайып, жинақтаған жылуды бөліп, теріні жылытты. Осылайша мұндай матаны болашақта тоқыма өнеркәсібінде кіріктіруді көздеп отыр.