Вирустық инфекция организмге кәрілік секілді әсер етеді
Вирустық инфекция организмге кәрілік секілді әсер етеді
4 жыл бұрын 3281 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

ВИЧ немесе С гепатиті секілді созылмалы вирустық инфекция адамдның иммундық жүйесіне ұзақ мерзімге әрі терең әсер етеді, яғни, біртіндеп адамның органзиімін тоздыратын кәрілікке ұқсайды бірыңғайда. Тіпті, аталған вирустарды жойғанда да иммундық дисфункция сақталып қалады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте организм аса өткір вирустық инфекция кезінде ауруды қоздырушыдан құтыла алатын қабілетке ие, ал иммундық жүйе болашақта мұндай жағдай тағы қайталанбасы үшін антидене істеп шығарады. Алайда, организмде ұзақ уақыт қалатын вирустар да кездеседі. ВИ пен С гепатитінен өзге, мәселен, желшешек, мононуклеоз, цитомегаловирус т.б. инфекциялық ауруларды тудыратын герпестің түрлі вирустарын атауға болады. Мамандардың есебінше, әлемнің әр түкпірінде цитомегаловирусты адамзаттың 70-90 пайызына дейін жұқтырған, алайда, аталған инфекциялық ауру адам денсаулығына зиянын тигізбейді, бірақ, құрсақ көтерген аяғы ауыр әйел мен иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға қауіп төндіреді. Стэнфорд университеті мен қарттық проблемаларын зерттеумен айналысатын Бак институтының ғалымдары жасы ұлғайған адамдар мен ұзақ уақытқа вирусқа қарсы терапиядан өткен, С гепатитінен зардап шегетін және ВИЧ-ке шалдыққан науқастардың иммундық реакциясын салыстырып көреді. Пациенттерге қолданылған вирусқа қарсы дәрінің тиімділігі 97 пайызды құраса да олардың бойынан қартайға адамдарға тән иммундық жүйесіндегі өзгерістер байқалған – жадының Т-жасушасының артуы, жасуша ішіндегі қабынудың сигналдың жолдардың белсенділігі, лимфоциттегі (иммундық жасуша) және миелоидті жасушалардағы цитокинге (пептидті (аминдік қышқылдан тұратын молекула) ақпараттық молекула) сезімталдықтың төмендеуі, т.б. орын алған. Жоғарыда аталған мерзімді басылымда жарияланған мақала авторы Дэвид Фурман (David Furman) кәрілік пен созылмалы вирустық инфекциялардың иммунитетте өшпес із қалдыратынын жазды. 

0 пікір
Мұрағат