Вирустың кең спектірін, соның ішінде коронавирусты жоятын тәсіл табылды
Вирустың кең спектірін, соның ішінде коронавирусты жоятын тәсіл табылды
5 жыл бұрын 2617 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар вирустың кең спектірін еңсеруге көмектесетін, яғни, тұмау, ұшық, гепатит, безгек, Эбола және кейінгі кезде әлемді шулатқан коронавирусты жоюға көмектесетін, қант негізінде дәрілік құрал жасады. Бұл емдік тәсілді Женева университетінің ғалымдары британдық әріптестерімен бірігіп ойлап тапты. Ғалымдар вируспен бетпе-бет келгенде, яғни, қақтығысқанда немесе контактіге түскенде жоятын қант молекуласын модификациялаған. Бұл тақырыптағы зерттеу материалы Science Advances мерзімді басылымында жарияланды. Аталмыш мақалада айтылғандай, бүгінгі таңда елге белгілі вирустарды оңай жолмен жоятын дәрілер жоқ емес, бар. Мәселен, хлор әгін алуға болады, алайда, бұл қоспа улы болғандықтан адамды емдеуге жарамайды. Осы заманғы дәрі-дәрмектер вирусты біржола жоймайды, тек оның дамуын бәсеңдетеді немесе баяулатады. Десе де вирустар кейінгі кезде мутацияға ұшырап, ондай дәрілерге бой бермейтін болған, яғни, төзімділігі артқан. Осындай олқылықтарға байланысты ғалымдар әдеттегіден тыс жолды таңдап, проблеманы шешудің тың тәсіліне жүгінген. Аталған зерттеуге атсалысқан Женева университетінің профессоры Каролин Таппарель Вю көміртек глюкозасынан алынған циклодекстринді қолданғандарын жеткізді. Ол улы емес әрі вирус резистенттігін (төзімділігін) тудырмайды. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, аталған қоспа контактіге түскенде вирустың қабығын жояды. Қабығынан айырылған вирус организмге жұқпайды, яғни, адам денсаулығына қауіп төндірмейді. Болашақта оны жақпа май, крем, т.б. ретінде қолдануға болады.

0 пікір
Мұрағат