Вегетариандық күйзеліске бастайды – зерттеу
Вегетариандық күйзеліске бастайды – зерттеу
2 жыл бұрын 1343 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары вегетариандық пен күйзеліс арасында байланыс барын анықтады. Бұл жайында islam.kz  порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Affective Disorders мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ет тұтынбайтын адамдарда күйзеліске ұшырау қатері екі есе жоғары болып шыққан. Бұл бағыттағы талдау кезінде әртүрлі тағамдық факторлар, соның ішінде жалпы калория (тағам құнары), ақуыз және тұтынылатын микроэлементтер, сондай-ақ, тағамды өңдеу деңгейі ескерілді. Бұл вегетарианшылар арасындағы депрессия қаупінің жоғарылауы олардың диетасының тағамдық құндылығына байланысты емес екенін анықтауға мүмкіндік берді. Ғалымдардың айтуынша, күйзеліске бой алдырған адамдар көбінесе вегетарианшыларға айналады, өйткені, депрессияға ұшыраған адамдар көбінесе өзін жазықты сезініп, көп нәрседен, соның ішіне жануар еті мен сүтін тұтынудан өзін тияды. Вегетарианшылар күйзелістен, дәлірегі, ерекше диета ұстануына байланысты қоғаммен қатынасын, яғни, көзқарасын өзгертеді. Ет өндірісін қатыгез процесс ретінде таниды. Ал BMC Medicine мерзімді басылымында Лидса университетінің мамандары жариялаған мақалада айтылғандай, ет және сүт өнімдерінен тыйылған әйелдердің сүйегі нәзік келеді – сыну қатері 33 пайызға артады. Зерттеу барысында сарапшылар вегетариандық диетаны ұстанатын Ұлыбританиядан келген 35 пен 69 жас аралығындағы 26 мыңнан астам әйелдің деректеріне талдау жасады. Субъектілер шамамен 20 жыл бойы бақылауда болды, осы уақыт ішінде 822 пациентке жамбас сынуы диагнозы қойылды. Ет өнімдерінен тыйылған адамдардың сүйегі қажетті қоректік заттардан айырылады. Сүйектің тығыздығына әсер ететін микроэлементтердің болмауынан бұлшық ет массасы да кемиді.

0 пікір
Мұрағат