Ұшақ алғаш рет өсімдіктен алынған маймен ұшты (видео)
Ұшақ алғаш рет өсімдіктен алынған маймен ұшты (видео)
3 жыл бұрын 2248 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Экологияға зияны жоқ отынмен ұшатын ұшақ пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы edition.cnn.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Airbus ұшағы өңдеуден өткен, тағам пісіруге арналған майдың және өзге қалдықтардың қосындысынан жасалған отынмен ұшты. Rolls-Royce Trent 900 қозғалтқышымен жабдықталған ұшақ Францияның Балниак әуежайынан Тулузға дейін үш сағат ұшты. Содан соң аталған ұшақ Тулузан Ниццаға дейін тағы ұшты. Осы отын түрімен. Бұл отын түрін TotalEnergies компаниясы әзірледі, дәлірегі, отын құрамында күкірті жоқ, гидроөңдеуден өткен күрделі эфирлер мен май қышқылдарынан (HEFA) жасалған. Мұндай отын түрімен ұшатын ұшақтан атмосфераға бөлінетін көміртек қалдығын 71%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Атмосфераға мүлдем көміртек бөлмейтін ұшақ алғаш рет әлемде 2035 жылы пайда болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат