ҰЛЫБРИТАНИЯДА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ БІРНЕШЕ МИНУТТА АНЫҚТАЙТЫН ӘДІС ТАБЫЛДЫ
ҰЛЫБРИТАНИЯДА ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ БІРНЕШЕ МИНУТТА АНЫҚТАЙТЫН ӘДІС ТАБЫЛДЫ
2 жыл бұрын 1376 24.kz Бекболат Тұрмаханов

Ғалымдар адамның тыныс алуына қарап, белгілері білінбейтін ертең кезеңде ауруды анықтайтын сараптама шығарды. Дәлдігі -  90%. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі хабарлады.

Бұл іс-тәжірибе ең алдымен, ішек, өңеш, асқазан және ұйқы безіндегі қатерлі ісікті анықтауға арналған. Лондон Империялық колледжінің ғалымдар тобы бірнеше жыл бойы жүздеген адамның қатысуымен клиникалық сынақтар өткізді. Аспаптарының ішкі бөлігіндегі материал адам аузынан шығатын бу мен газды қалқып алады. Осыдан кейін оған зерханалық сараптама жасалады.

Джордж Ханна, зерттеу жетекшісі: - Дем шығарғанда ішек және асқазанда қатерлі ісігі бар науқастарға тән заттар анықталады. Зиянды жасушалардан органикалық сұйықтық бөлінеді, бұл дәрігерлерге диагноз қоюға көмектеседі.

Қазір асқазан мен ішектегі қатерлі ісікті анықтайын негізгі әдіс - гастроскопия. Гастроскопты ауыз арқылы асқазанға өткізеді. Негізі бұл адамға ыңғайсыз әрі қымбат тәсіл.

Джордж Ханна, зерттеу жетекшісі: - Барлық науқасты гастроскопияға жіберсек ұзын-сонар кезек қалыптасады. Ал уақыт созылған сайын ісік үлкеюі мүмкін. Мұның орнына өз сынамамызды енгізуді ұсынып отырмыз. 

Әлемде ішек және асқазандағы қатерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіші - 15%. Ал жаңа әдіс мыңдаған жанның өмірін сақтай алады. Сондай-ақ британиялық ғалымдар рактың өзге түрлерін анықтайтын тәсіл іздеуге кірісіп кетті. 

 

0 пікір
Мұрағат