Ұжымдық жасанды зерде пайда болады
Ұжымдық жасанды зерде пайда болады
8 ай бұрын 2070 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Uli Deck / dpa / Globallookpress.com

Ғалымдар жасанды зерденің болашағына болжам жасай келе кибернетикалық организмее ұқсас «нәсілді» қаалыптастыруы мүмкін екенін алға тартты. Ғалымдардың пікірінше, жасанды зерде ұдайы дамуы үшін ұжымдық желіге бірігуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Machine Intelligence мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұжымдық жасанды зердеде әрқайсысы өз бетінше жаңа білім мен дағдыларды алуға қабілетті көптеген жеке элементтер бір-бірімен ақпарат алмасу желісін құрайды. Мұндай АІ-дің пайда болуы түрлі салаларды өркендетіп, жаңа белестерге бастайды, проблемаларға немесе қауіптерге сақадай сай дайын болуына ықпал етеді немесе жылдам жауап беруге, шұғыл әрекет етуге көмектеседі. Лофборо университетінің аталмыш зерттеу жетекшісі Андреа Солтоджио киберқауіпсіздік туралы айта келе, егер бір AI қауіпті анықтаса, ол бұл ақпаратты желідегі басқа түйіндермен бөлісіп, иммундық жүйеге ұқсас ұжымдық реакцияны тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Бұл жайт апатқа қарсы әрекет ету үшін роботтарды немесе жеке емдеуге арналған медициналық агенттерді әзірлеуге де қатысты болмақ. Зерттеушілер әдепсіз немесе заңсыз мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін ақпараттың жылдам таралуы сияқты қауіптердің бар екенін мойындайды, десе де әрбір AI командадан тәуелсіз болып, өзінің негізгі функциясын орындайтын болады. Бұл тәсіл өз кезегінде кейбір АІ-дың басқаларға үстемдік ету қаупін айтарлықтай төмендетеді. Ұжымдық AI оқу мүмкіндіктері шектеулі ChatGPT сияқты генеративті AI үлгілерінен ерекшеленеді. Мұндай моделдер өздерінің білімдерінің көп бөлігін энергияны қажет ететін жаттығулар кезінде алады және оқуды жалғастыра алмайды. Ғалымдар болашақта мұндай АІ жойылып, үнемі дамып отыратын және ортақ ұжымдық АИ-ге жол береді, деп болжайды.

0 пікір
Мұрағат