Ұйқысыздық індеті жайлап барады. Адам ең алдымен шөлден емес, ұйқысыздықтан өледі
Ұйқысыздық індеті жайлап барады. Адам ең алдымен шөлден емес, ұйқысыздықтан өледі
4 жыл бұрын 7113 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда ұйқысыздық індеті күллі әлемде белең алып келеді. Ұйқысыздық немесе шала ұйқы қалыпты жағдайға айналып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ресейлік сомнолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы  Ольга Курушинаға жөн сілтеген  "Волгоград онлайн" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәуліктің үштен бірін ұйқы режимі құрауы тиіс. Негізінде қараңғылық түскен соң адам табиғаты, яғни, организмі ұйқыға кетуі тиіс – метаболизмнің барлық процесі іске қосылады, ми белсенді әрекетке көшіп, тазару процесі жүреді, т.б. Ұйқы – организм гигиенасы. Осылайша мимен байланысты Альцгеймер, Паркинсон секілді нейродегенеретивті аурулардың алдын алады. Маманның айтуынша, адам бір тәулікте бес сағаттан артық ұйықтамаса, келесі күні дел-сал болып, шаршап жүреді, екінші күні де осы жағдай қайталанса, яғни, бес сағаттан артық ұйықтамаса, жадысы мен есте сақтау қабілеті кеміп, назар аудару секілді конгнитивті функциясы бұзылады, ал үшінші, төртінші күні де осындай жағдай орын алса, эпилептикалық приступқа ұшырау қатері артады. Бесінші-алтыншы күні мидың қызметі түбегейлі бұзылып, өлім қатерін арттырады. Сол себепті, адам өмірі үшін ас-ауқат пен су немесе ұйқының қайсысы маңызды деген сауал қойылса, ең алдымен су ауызға алынады, бұл қате пікір – адам шөлден гөрі ұйқысыздықтан тез өледі. Сомнолог дәрігер сөзін осылай тұжырды.

Ұқсас материалдар:

Қанық ұйқы нейродегенеративті аурулардың алдын алуға көмектеседі (https://islam.kz/kk/news/gylym/qanyq-uiqy-neirodegenerativti-aurulardyn-aldyn-aluga-komektesedi-14740/#gsc.tab=0);

«Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-infektsiyalyq-dertke-shaldygu-qaterin-250-ga-arttyrady-14692/#gsc.tab=0);

"Шала ұйқы мен смартфонның ерлер ұрығының сапасын көп төмендететіні белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-men-smartfonnyn-erler-urygynyn-sapasyn-kop-tomendetetini-belgili-boldy-14058/#gsc.tab=0);

"Ұзақ ұйқы да ажал шақырады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/uzaq-uiqy-da-ajal-shaqyrady-3985/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат