Ұйқысыз өткізген түннің аса қауіпті салдары белгілі болды
Ұйқысыз өткізген түннің аса қауіпті салдары белгілі болды
3 жыл бұрын 3418 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания, Нидерланды және Швеция ғалымдары ұйқысыздықтың өлім қаупі аса жоғары аневризмге апарып соқтыруы мүмкін екенін ескертеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of the American Heart Association мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон қаласындағы мәртебесі университеттен асып түспесе кем түспейтін империялық колледждің, Каролин институтының және Утрехт университетінің мамандары ұйқысыздық пен аневризм (мидағы қан тамырларының қисаюы) арасында байланыс барын анықтап отыр. Аталмыш дерт әдетте кәмелет жасына толғандар арасында, дәлірегі, әлемдегі ересек адамдардың шамамен үш пайызында кездеседі. Олардың 2,5 пайызында мидағы қан тамыры жарылып, миына қан құйылып өледі. Бұл тарапта бас сүйек ішіндегі аневризмді зерттеу кезінде осы дертке шалдыққан 6,3 мыңға тарта адамның 4,2 мыңының миына қан кетіп өлгені туралы деректі анықтады. Генетикалық тұрғыдан ұйқысыздықтан (тұқым қуалайтын дерт) зардап шегетін науқастардың 24 пайызы миына қан құйылып өледі. Ұйқысыздық пен аневризм арасында байланыс бары алғаш рет анықталып отыр. Бұл жаңалық алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

0 пікір
Мұрағат