Үйкелісті 100 еседен астам азайтатын майлау жабыны әзірленді
Үйкелісті 100 еседен астам азайтатын майлау жабыны әзірленді
2 жыл бұрын 1064 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Микроскоппен қарағандағы көміртекті нанотүтік жабынының көрінісі. Бейне: Chanaka Kumara/ORNL, U.S. Dept. of Energy

АҚШ Энергетика министрлігінің Оук Риж ұлттық зертханасының ғалымдары көлік жетектерінен жел және су электр турбиналарына дейін қозғалатын бөліктері бар кәдімгі мойынтірек жүйелеріндегі үйкелісті айтарлықтай азайтатын жабынды ойлап тапты. Жабын зақымдалған көміртекті нанотүтіктерге негізделген. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көп қабатты, көміртекті нанотүтіктер болатты жабады, коррозиялық ылғалды кетіреді және майлау қоймасы ретінде қызмет етеді. Қаптауды жасау үшін зерттеушілер бетінде металл оксидінің бөлшектерін қалыптастыруға ықпал ететін, тот баспайтын болаттан жасалған дискіні қыздырады. Содан кейін олар көміртекті енгізу үшін химиялық бу тұнбасын пайдаланады. Металл оксидтері көміртегімен атомдар бойынша «айқастырылады», ұсақ құбырлы құрылымдарды құрайды. Жаңа нанотүтіктер зақымдалғанға дейін аса майлауды қамтамасыз етпейді, яғни, зақымдалған соң барып майлайды. Көміртекті нанотүтіктер үйкеліс әсерінен жойылғанымен жаңа нысанға айналады. Бұл сынған көміртекті нанотүтіктер өз кезегінде графен бөліктері ретінде алға шығады. Олар материалдың беткі жағына жағылып, жанасу аймағымен біріктіріліп, процесс барысында пайда болатын трибофильм деп атайтын жабынға айналады. Зерттеушілер екі жанасу беті де бөлшектермен  қапталатын болса, қозғалыс кезінде графен графенге үйкелейтінін атап өтті. Соңғы компонент - майлаушы майдың аз мөлшері. Онсыз үйкеліс көміртегі нанотүтіктерін түк қалдырмай жояды, нәтижесінде жабын пайда болмайды. Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, атериалдың майланған беткі жағы үйкеліс коэффициентін 0,001-ге дейін төмендетеді, бұл көрсеткіш материалдарды майлаудың шекті мәнінен әлдеқайда төмен. Сонымен қатар, үш сағат, бір және он екі күн бойы үздіксіз сырғанауды қамтитын 500 000-нан астам үйкеліс циклі бойынша сынақтан өткен кезде де қасиеті сақталып қалады.

0 пікір
Мұрағат