Ү хромосомасы күрт қысқарып барады
|
Ү хромосомасы ерлер организіміне тән. Алайда, аталмыш хромосома уақыт өткен сайын шапшаң кірішейіп келеді. Бұл хромосома мүлдем жоғалуы мүмкін бе? Жоғалса, ерлерге не болады? Бұл жайында islam.kz порталы Techinsider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде «ерлер» хромосомасының эвоюциясы дегредация жағына қарай бағытталған. Ү хромосомасының бір ғана функциясы бар – ұрықтың қалыптасуына ықпал етеді. Басқа міндеті немесе қызметі жоқ. Тіпті, бұл хромосоманың жұбы да жоқ. Мәселен, ХХ хромосомасындағы секілді. Егер жұбы болса, қатені түзетіп, дегредацияға ұшырау қатерін азайтар еді. Сондықтан эволюция тұрғысынан қателіктерді түзету мүмкін болмаса, белгілі бір гендегі қауіпті мутациялардың пайда болуына жол беретін әрекетке барып, қателік үстіне қатер жамамау керек. Сондықтан Y хромосомасы өзіндегі гендердің азаюына байланысты кішірейеді. Мысалы, бүгінде адам X хромосомасы кем дегенде 700-1000 ақуызды кодтаса, ал Y хромосомасы небәрі 55-ін кодтайды. Дегенмен, ғалымдар Ү хромосомасының жоғалуы өз кезегінде түрлердің жойылуына немесе жыныстық жолмен көбею процесін тоқтатуға әкелмейді. Ғалымдардың пайымдауынша, «ерлер» генінің көбісі Ү хромосомасынан өзгесіне ауысуы мүмкін.