Тыртықтан арылу жолы
|
Өкінішке орай тұрмыста келеңсіз, оқыс жағдайларға тап болып, терісіне «таңба» салынған жандар да бар. Демек олар үшін бұл сұрақтың жауабы да өте маңызды. Ендеше жығылып-сүрінгеннен, құлап, күйік шалғаннан немесе отадан кейін қалған ізден арылудың жолын ұсынамыз.
Лимон шырыны
Лимон шырынын тыртыққа күнделікті жағып отыру керек. Бұл емді нәтиже шыққанша жалғастырыңыз. С дәруменіне бай лимон шырыны дөңкиіп тұрған теріні жұмсартып, орнына келтіреді және қызарғанын (кейбірі көгергенді) басады.
Ол терінің қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Алоэ шырынында С және Е дәрумендері мөлшері көп. Олар – теріні жасартып, емдейтін антиоксиданттар.
Аспирин
2 таблетканы ұнтақтап, қоймалжың болуы үшін 1 тамшы су тамызыңыз. Оны тыртыққа жағып, кепкенде сумен жуып тастаңыз. Бұл емді күнделікті қайталаңыз.
Бал
Бал теріні қажетті дәрумендермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. Тыртық болып, қатайған теріні жұмсартып, терінің табиғи түсін қайтарады. Сонымен қатар терінің жаңа жасушалары түзілуіне әсер етеді.
Алма сіркесуы
Оның да қатайған теріні жұмсартатын, түсін қайта қалпына келтіретін әсері бар. Сондықтан күніне бірнеше рет алма сіркесуымен тыртықты сүрту пайдалы.
Сарымсақ майы
Сарымсақпен де тыртықты емдеуге болады. Егер сарымсақ майы табылмаса, сарымсақтың өзін езіп, тыртыққа басу керек.