Тұзды су арқылы электрмен қуаттайтын құрылғы (видео)
Тұзды су арқылы электрмен қуаттайтын құрылғы (видео)
5 жыл бұрын 3299 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Апатты жағдайда, яғни, ток берілмей қалғанда корпусының ішіне тұзды су құйсаңыз (концентрациясы - 7,5%)., сол сәтте электр энергиясын беретін HydraCell Power Cube портативті қуаттау құрылғысын пайдалануыңызға болады. Электр шағын HydraCell корпусының ішіне орнатылған, алмастырылатын планстинмен электролиттің контактісі нәтижесінде пайда болады. Тұзды су құйғаннан кейін ол шамамен 250 сағат бойы ұмыс істеуге жарамды болмақ. HydraCell құрылғысын орталықтандырылған энергия беру үйесі жоқ жерде, яғни, былайша айтқанда, электр сымы тартылмаған айдала қалта телефоныңызды қуаттап алуға қолайлы. HydraCell Power Cube-нің ең басты артықшылығы сонда – тұз ерітілген су құйсаңыз, сол сәтте электр игілігін көре аласыз. Оның қуаты бір стационарлық пластин комплектісінде 5-тен 10 смартфонды «зарядтауға» жетеді. Алмастырылатын пластиннің бір комплектісі қуаты түрліше светодиодтық жарық беруші құралдың көмегімен 50-ден 100 сағатқа дейін жарықпен қамтамасыз ете алады. Сапарға аттанғанда, табиғат аясына шыққанда немесе жарық сөніп қалғанда таптырмайтын құрылғыны пайдаланғаннан кейін пайда болған қалдықтарды адамға да және қоршаған ортаға да қауіпсіз жолмен залалсындандыруға болады, өтйкені, оның қалдығы тез ыдырап, қоршаған ортаға залал келтірмейді. Қазіргі уақытта Kickstarter-дің краудфандингтік алаңында HydraCell Power Cube обасы үшін қаражат жиналып жатыр. Инвестициялық тартылып жатқан кезеңге дейін оны өндіруге кететін шығынға шаққанда үш есе көп қаражат жиналды. HydraCell Power Cube батареясының алғашқы легі 2020 ылдың тамыз айында тапсырыс берілгендерге жеткізіле бастайды. Алдын ала тапсырысты 54 долларға рәсімдеуге болады. Бұл жайында 24gadget.ru ақпарат көзі хабарлады.

0 пікір
Мұрағат