Түрік ғалымы 15 минутта 40 ауруды диагностикалауға мүмкіндік беретін экологиялық таза биосенсор жасады (видео)
Түрік ғалымы 15 минутта 40 ауруды диагностикалауға мүмкіндік беретін экологиялық таза биосенсор жасады (видео)
2 жыл бұрын 1089 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мехмет Лиутфи Йола есімді Газиантеп қаласындағы Хасан Каленжы университетінің денсаулық ғылымдары факультетінің профессоры 40-қа жуық ауруды ерте диагностикалау үшін ең көбі 15 минут ішінде жылдам деректерді беретін экологиялық таза биосенсорды жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инфаркт пен өкпе обыры қаупін лезде болжай алатын, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянсыз биосенсорды жасағаны үшін президент Режеп Тайып Ердоғанның қолынан «TÜBİTAK 2022 ынталандыру сыйлығын» алған түрік ғалымы бұл құрылғыны жасауға он жылдай уақытын сарп еткенін жеткізді. Өзі жасаған биосенсорлардың қан, зәр және дене сұйықтығын нано деңгейде өлшеп, ауруларды әлдеқайда қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретіндігімен тиімді екеніне назар аударды.

Видео ALIF.TV ақпарат көзінен алынды

0 пікір
Мұрағат