Түрік ғалымдарының микроорганизмдерге қарсы сәуле терапиясы жасушалар мен тіндерді зақымдамай вирустарды жоюға мүмкіндік бермек
Түрік ғалымдарының микроорганизмдерге қарсы сәуле терапиясы жасушалар мен тіндерді зақымдамай вирустарды жоюға мүмкіндік бермек
5 жыл бұрын 2293 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам организімінің ішіндегі түрлі дерт  тудыратын микроорганизмдерді жоюға арналған түрік ғалымдарының сәуле терапиясы клиникалық зерттеу сатысына өтті. Бұл жайында түріктердің Anadolu Agency ақпарат агенттігі Анкара қаласындағы Гази университетінің кардиохирургы Хикмет Селшүк Гедиктің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. TurkishBeam — түрік ғалымдары әзірлеу үшін үш жылын жұмсаған, адам организімі ішіндегі саңырауқұлақты, бактерияны және вирусты жоятын сәуле терапиясы адамның тірі жасушалары мен ДНК-сына зақым келтірмейді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары өздерінің бұл әдісін адам денесінің ішінде қолдануға болатынын алға тартып отыр. Түрік ғалымдарының бұл жетістігі өз кезегінде түрлі ауру тудыратын микроорганизмдермен күрестегі медициналық парадигманы өзгертетін үлкен қадам. Осы орайда аталмыш тәсілді клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат бұл әдісті алдымен жануарларға, артынан зертханада адам тініне қолданып көру сынағынан кейін берілгенін айта кету керек. Сондай-ақ, аталмыш тәсілдің тиімділігін байқап көру бойынша түрік ғалымдары АҚШ-тағы Кливленд емханасында және Нью-Йорк университетінде сынақтан өткізілу үшін ресми шақырту алып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Израил ғалымдары осыған ұқсас жүйені жасаған болатын. Дәлірегі, израилдік ғалымдар ультракүлгін сәуленің көмегімен ғимараттың ішін залалсыздандыруға арналған, адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жүйе ойлап тапқан еді. Яғни, ғалымдар бұл арада ауада адамға зиянды озонның қалыптасуына жол бермейтін жарық толқынының ұзындығын іріктей алған еді.

0 пікір
Мұрағат